• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Саясат 01 Қараша, 2023

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президентін әуежайдан шығарып салды

85 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапары аяқталған Франция президенті Эмманюэль Макронды әуежайдан құрметтеп шығарып салды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Франция Приезиденті Эмманюэль Макрон Қазақстанға алғаш рет сапармен келді. 

Мәртебелі мейманды елорда әуежайында Премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алды.

Кейін «Ақорда» резиденциясында Эмманюэль Макронды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Сондай-ақ екі мемлекеттің басшысы өзара сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізіп, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.