• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Білім 14 Қыркүйек, 2023

Оқушылар еуропалық олимпиададан олжалы оралды

180 рет
көрсетілді

Еліміздің оқушылары Грузия елінде информатика пәні бойынша  өткен EJOI-2023 жасөспірімдер олимпиадасынан олжалы оралды, деп хабарлайды  Egemen.kz  Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«EJOI халықаралық IOI информатика олимпиадасының ережелері мен стандарттарын ұстанады.  Бұл маңызды оқиға, Еуропа Кеңесінің мүше мемлекеттерінде IT-индустрия элитасының даму сатысы. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы төрт медаль жеңіп алды. Алтын медаль Мамадахунов Мансұрға бұйырды. Ол Қызылорда қаласындағы С. Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» облыстық лицей-интернатының 9-сынып оқушысы. Күміс медальді екі оқушы иеленді. Оның бірі Серікбай Сұңғат - Тараз қаласындағы «Білім-Инновация» дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, енді бірі Аменов Әлем Семей қаласындағы «Білім-Инновация» дарынды ұлдарға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы. Ал Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Алдамжаров Әлішер қола жүлдегер атанды», делінген ақпаратта.

Қазақстан құрамасына Astana IT университетінің оқытушысы Темірлан Сатылғанов пен халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы Айдос Нұрмаш  жетекшілік етті.