• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
Ауа райы 12 Қыркүйек, 2023

Еліміздің оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады

238 рет
көрсетілді

Синоптиктер 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамандардың мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай соғады.

«Елдің орталығында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қар аралас жаңбыр жауады. Республика бойынша екпінді жел, солтүстікте, солтүстік-батыста тұман, республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі», деп жазылған «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Синоптиктердің айтуынша, елордада 12 қыркүйекте көшпелі бұлт, кейде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, кейде екпіні секундына 15-20 метр болады. Күндіз ауа температурасы +13 + 15 градус жылы.

Алматыда бұлтты ауа райы, жаңбыр күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыс, 3-8, кейде екпіні секундына 15-20 метрдей болады. Күндіз ауа температурасы +19 + 21 градус жылы.

12 қыркүйекте Шымкент қаласында жел батыстан соғады. Күндіз екпіні секундына 8-13, түнде 15-20 метр болады. Күндіз ауа температурасы +23 + 25 градус жылы.