• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Қаржы 01 Тамыз, 2023

1 тамызға арналған доллар бағамы

244 рет
көрсетілді

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 443 – 447 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Kurs.kz деректеріне сүйенсек, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443 – 447 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 444 – 447,5 теңге аралығында құбылып тұр.

31 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,24 теңгеге қымбаттап, 445,89 теңге болған.

Ұлттық банктің 1 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 446,07 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,88 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,83 – 5,03 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,83 - 4,93 теңгеден сатылуда.