• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Шілде, 2023

Air Astana лайнері Бакуға шұғыл қонған

295 рет
көрсетілді

Шарм-эль-Шейх - Атырау бағытында ұшқан Air Astana лайнері Баку әуежайына шұғыл қонды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Sputnik Әзербайжанның хабарына қарағанда, бұған борттағы жолаушының денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған.

Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 16:50-де сәтті қонған.

Жолаушыны қонғаннан кейін бірден жедел жәрдем бригадасы әкетіп, оны астанадағы емханалардың біріне жатқызған.