• RUB:
    5.07
  • USD:
    451.77
  • EUR:
    485.97
Басты сайтқа өту
Футбол 21 Маусым, 2023

«Астана» UEFA чемпиондар лигасында қай командамен кездеседі?

111 рет
көрсетілді

Елордалық «Астана» командасы UEFA чемпиондар лигасы аясындағы екінші іріктеу сатысында кімге қарсы ойнайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Астана» командасы жарыстың алғашқы сатысында Грузияның «Динамо» (Тбилиси) командасымен кездеседі.

Бірінші ойын өз алаңында 11-12 шілдеде өткізілсе, қарымта кездесу сырт алаңда 18-19 шілдеге белгіленген.

Жарыстың екінші іріктеу сатысында Қазақстан футболшылары Хорватияның «Динамо» (Загреб) клубымен шеберлік байқасады. Кездесулер 25-26 шілде, 1-2 тамыз күндеріне белгіленген.