• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Маусым, 2023

Каирде «Сұлтан Аз-Заһир Бейбарыс» мешіті ашылды

390 рет
көрсетілді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Каирдегі Сұлтан Бейбарыс мешітінің ашылуына қатысып, Президент құттықтауын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы өз құттықтауында ұлы бабамыз ержүректігімен бірге өркениеттің өрісін кеңейту жолында да өшпес із қалдырғанын жеткізді.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына арналған іс-шараларға қатысушыларға өзінің жылы лебізін жолдады. Мемлекет басшысы бұл мерейтойды жоғары деңгейде атап өтуге баса мән беріп отыр. Мерейлі дата аясында 600-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Бүгін күрделі жөндеуден кейін қайта ашылып отырған «Сұлтан Аз-Заһир Бейбарыс» мешіті Мысыр мен Қазақстан үшін ғана емес, ислам әлемі үшін де бірегей мәдени мұра екені анық», деді Мәулен Әшімбаев сөйлеген сөзінде.