• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Экономика 04 Сәуір, 2023

Азық-түлік қымбаттауы мүмкін - Серік Жұманғарин

466 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин азық-түлік қымбаттауы мүмкін екенін айтты. Оған себеп жанар-жағармай бағасының өсуі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, жанар-жағармайдың қымбаттауы азық-түлік бағасына қатты әсерін тигізбейді. Дегенмен кейбір тауарлардың бағасы өсуі мүмкін.

«Жеңіл тауар болса аса қымбаттамайды, ірі өнімдерге баға тиісінше өсуі мүмкін. Жанар-жағармай бағасы өскен жағдайда, мысалы қантқа әсері – 5%, ал күнбағыс майы – 2,4%-ға өседі деген болжам бар. Шамамен 15-17 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Қазір тауар өндіруші ірі кәсіпорындар бензин, дизельмен жұмыс істемейді. Олар газға көшкен, ал газдың бағасы әзірше өспейді», деді Серік Жұманғарин.