• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Ауа райы 24 Наурыз, 2023

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

184 рет
көрсетілді

Қазақстанның 4 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

25 наурызда Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Павлодар облысы мен Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігіне де тұман болады деп болжанып отыр.

СҚО-да оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.