• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Наурыз, 2023

«Наурыз-2023» халықаралық радиокөпірі ұйымдастырылады

363 рет
көрсетілді

Қазақ радиосының тікелей толқынында 20 наурыз күні 10 сағат бойы 8 елдің қатысуымен «Наурыз-2023» халықаралық радиокөпірі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Радиокөпірге Иранның «Pars Today» ақпарат агенттігінің қазақ тілді радиосы, Түркияның «Turkish Radio and Television Corporation» ұйымы, Әзербайжанның «Azərbaycan Radiosu», Моңғолиядағы «Қазақ» радиосының өкілдері, Қырғыз республикасының Қырғыз радиосы және  Өзбекстанның «Узбекистан 24» телерадио арнасы мен Башқұртстанның «Юлдаш» және Татарстанның  «Болгар» радиоарналары қатысады деп жоспарланған.

Бұл жайында «Қазақ радиолары» ЖШС Бас редакторы – «Қазақ радиосының» директоры Дулат Абибуллаев мәлімдеді.

Айта кету керек, Қазақ радиосы Наурыз мейрамы қарсаңында мұндай радиокөпірді екінші рет ұйымдастырып отыр. Биылға халықаралық жобаға аталған 8 елден бөлек, түрлі мемлекеттерде тұрып жатқан қандастарымыз да қатысады. Шараның мақсаты – бауырлас елдердің, оның ішінде радиоарна өкілдерін тікелей толқында біріктіріп, Наурыз мейрамын атап өту.