• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Президент 24 Ақпан, 2023

Президент Түркия мен Сирияға барған құтқарушыларды марапаттады

339 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы, сондай-ақ Түркия Республикасындағы және Сирия Араб Республикасындағы төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін бірқатар құтқарушыны марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

 ІI дәрежелі «Айбын» орденімен:1. Жоламанов Айдын Қарақоржынұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы;2. Топанов Құрманғали Сатыбайұлы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы 3656 әскери бөлімінің авиациялық жасағының кеме командирі.«Құрмет» орденімен:1. Айтпаев Ардақ Мақсұтұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі басшысының орынбасары-құтқарушы;2. Сойко Руслан Анатольевич, Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы – құтқарушы;3. Цой Владимир Константинович, Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының басшысы – құтқарушы.«Ерлігі үшін» медалімен:1. Алдабекова Алмагүл Амангелдіқызы, Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығы Қарағанды облысы бойынша филиалының дәрігері;2. Арифджанов Султан Бахтиярович, Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің басқарма бастығы;3. Берлыбеков Ерік Берікұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы;4. Горбачев Виталий Евгеньевич, Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының бөлімше басшысы-құтқарушы;5. Денисов Дмитрий Анатольевич, Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы;6. Қозыбахов Жазылбай Қалдыбайұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығы Алматы қаласы бойынша филиалының басшысы – дәрігер;7. Оразалин Қахарман Нұртасұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы;8. Сарсембаев Абдолла Валериевич, Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы – құтқарушы.«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен:1. Хабиболла Берікболсын Нұрболатұлы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы 3656 әскери бөлімінің литерлік авиациялық жасағының кеме командирі.«Ерен еңбегі үшін» медалімен:1. Гудеев Николай Николаевич, «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясының ұшу қызметінің Ил-76 ұшағының штурманы;2. Оспанқұлов Нұржан Әбдібақиұлы, «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясының ұшу қызметінің Ил-76 ұшағының штурман-нұсқаушысы.Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен:1. Қаппасов Наурыз Мерекеұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы – құтқарушы.Сонымен қатар 112 адамға, оның ішінде құтқарушыларға, медицина қызметкерлеріне, кинологтар мен авиация мамандарына Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы жарияланды.