Енді TikTok қосымшасы қазақ тілінде қолжетімді болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ТikTok платформасында қазақ тілін таңдау мүмкіндігі Android және iOS құрылғыларына арналған қосымшаның соңғы нұсқаларында пайда болды.
Сондай-ақ платформа TikTok пайдаланушыларына қандай форматтағы бейнероликтерді орналастыруға болатынын және тыйым салынатынын түсіндіретін ережелерді де қазақ тіліне аударды.