• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Видео 14 Қаңтар, 2023

Арқалықта қызды құтқарған қызметкер ауруханадан шықты

502 рет
көрсетілді

Бесінші қабаттан құлаған қызды құтқарған Алмат Әмірханов ауруханадан шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін оған көңілін сұрап, әріптестері барып қайтты.

- Жеке құрам атынан тезірек толық сауығып, қызметке оралуыңды тілейміз. Біз полиция қатарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өз борышын лайықты орындайтын осындай қызметкерлердің барын мақтан тұтамыз, - деді Арқалық қаласы ПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Нұрбол Марқабайұлы.

Еске салайық, 7 қаңтарда патрульдік полиция қызметкері көпқабатты үйдің балконынан құлаған қызды құтқарғаннан кейін бірнеше жерін жарақаттап, аяғынан зақым алған болатын.

- Қолдауларыңыз үшін рахмет. Еліміздің түрлі аймақтарынан көптеген жылы лебіздер жетіп жатыр. Мен үшін қатты уайымдағандарына ризамын. Қазір өзімді жақсы сезінемін, қызметке шығуға дайындалып жатырмын, - деді полиция аға лейтенанты.