• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Желтоқсан, 2022

Аргентинаның экс-президенті 6 жылға бас бостандығынан айырылды

217 рет
көрсетілді

Сейсенбі күні Аргентинаның федералды соты вице-президент және бұрынғы мемлекет басшысы Кристина Киршнерді алты жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Киршнер елдің оңтүстігіндегі Санта-Крус провинциясында жалған қоғамдық жұмыстарға келісім-шарт жасағаны үшін кінәлі деп танылған.

Үкімге сәйкес, экс-президентке мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынады.

Бұған дейін прокурорлар саясаткерді 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Айта кетейік, Киршнерге 2007-2015 жылдар аралығындағы Санта-Крус провинциясындағы инфрақұрылымдық жобаларға бөлінген бюджет қаражатын заңсыз пайдаланды деген айып тағылды.