• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Ауа райы 02 Желтоқсан, 2022

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

312 рет
көрсетілді

Синоптиктер 3 желтоқсанда ауа райына байланысты жеті өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Алматы қаласында да түнде және таңертең тұман болады.

Ақтөбе облысының орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда 15-20 м/с.

Шымкентте түнде және таңертең кей уақытта тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар