• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қараша, 2022

Сәрсенбіде кей өңірлерде ауа райы қолайсыз болады

177 рет
көрсетілді

Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

30 қарашада Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан батысқа қарай соғады, орталығында күші 15-20 м/с жетеді. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында түнгі уақытта 40 градус аяз болады. 

Ал Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың  батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыс орталығында және Шымкент қаласында тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. 

Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан кей уақыттарда 30 м/с болады.