• RUB:
    4.99
  • USD:
    441.59
  • EUR:
    480.27
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қараша, 2022

Алматыда көліктен зат ұрлаған екі адам ұсталды

139 рет
көрсетілді

Алматыда көліктен ұрлық жасағандар ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.

«Алматы қаласының екі тұрғынынан автокөліктерден жасалған ұрлықтың 20-дан астам фактісі дәлелденді. 1994 жылғы Г. есімді азамат және оның сыбайласы 1994 жылғы Н. есімді азамат автокөлік салонынан бірнеше ұрлық жасады деген күдікке ілінген», делінген хабарламада.

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер Volkswagen Touareg көлігінің әйнегін сындырып, жеке мүлкін ұрлаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын 1,5 миллион теңгені құрайды.

Қылмыскерлер бұған дейін де ұрлық бойынша сотты болған.