Астанада 14 жастағы қыз суицид жасады, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ ресми парақшасына сілтеме жасап.
Оқиға 2 қараша күні сағат 17.25-те Астана қаласында болған. Алматы ауданының ПБ полиция бөліміне Қуанышбаев көшесінің бойында жасөспірімнің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
«Тексеру барысында бұл факті расталды. Полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтады. Ол 19-қабаттан секірген 14 жастағы кәмелетке толмаған қыз болып шықты», делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, тиісті сараптамалар жасалуда.