• RUB:
    6.33
  • USD:
    513.74
  • EUR:
    569.17
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Қазан, 2022

Төрағалықты жалғастырады

182 рет
көрсетілді

Астанада өткен АӨСШК саммитінің пленарлық отырысында аталған ұйымды толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру жос­парлары талқыланды.

Айта кетейік, АӨСШК-ге алдағы екі жылға, яғни 2022-2024 жылдарға төрағалық ету қайтадан Қазақстанға берілді. Қорытындысында Астана декларациясы және басқа да құжаттар қабылданды. Негізгі мақсаты мен қызметі – Азия континентінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің көпжақты тәсілдерін дамыту арқылы ынтымақтастықты нығайту болып табылатын Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 6-саммиті Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орайластырылған.