• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Үкімет 03 Қазан, 2022

Биыл елімізде қанша тонна көмір өндірілді

237 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметте өткен кеңесте халықты көмірмен қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы қаңтар-тамызда елімізде 73,7 млн тонна көмір өндірілген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға көп. Көмір өндіруші кәсіпорындардың деректері бойынша оның негізгі разрездердегі құны өткен жылғы деңгейде сақталған. Ал сату орындарында көмір бағасының өсуіне жол бермеу үшін оны үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету және автомобиль көлігімен елден тыс жерлерге әкетуді шектеу (6 айға) жөнінде шаралар қабылданды.