• RUB:
    5.05
  • USD:
    491.71
  • EUR:
    529.97
Басты сайтқа өту
Оқиға 24 Қыркүйек, 2022

Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды

226 рет
көрсетілді

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, жол-көлік оқиғасы 23 қыркүйек күні сағат 22:20 шамасында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

- Екібастұз қаласының Энергетиктер көшесіндегі жанармай бекетінің жанында «Toyota Camry 30» маркалы автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі «Toyota Camry 55» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Toyota Camry 30» көлігінің жүргізушісі алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, - деді департаментте.

Полиция түрлі жарақаттармен ауруханаға тағы 4 зардап шегуші жатқызылғанын айтты. Олар: «Toyota Camry 30» көлігінің 2001 жылы туған жолаушысы, «Toyota Camry 55» көлігінің 42 жастағы жүргізушісі және оның 1988 және 1976 жылдары туған екі жолаушысы.Оқиғаға қатысты сот медициналық сараптамасы тағайындалды. Тексеру жүргізіліп жатыр. Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.