• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Оқиға 24 Тамыз, 2022

Пәкістанда мешіт мұнарасы құлап, 15 адам қаза тапты

280 рет
көрсетілді

Пәкістанның Синд провинциясында мешіт төбесі опырылып түсті, деп хабарлайды Egemen.kz. oxu.az агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға провинцияның солтүстігінде орналасқан Хайрпур қаласында болған. Салдарынан 15 адам қаза тауып, 70 адам жарақат алған. 

Аталған жәйтқа бірнеше күн бойы толассыз жауған жаңбыр себеп болған. Су мешіттің тірек конструкцияларын шайып, шатырдың опырылуына әкелген. Бұл кезде мешіт ішінде су тасқыны салдарынан баспаналарынан айырылған адамдар болған.

Айта кетейік, Пәкістанда маусым айынан бері жауын-шашын тоқтамай тұр. Осыған байланысты елде жаппай су тасқыны мен көшкін көбейді.