• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Тамыз, 2022

Ресейде оқ-дәрі қоймасы өртенді

3773 рет
көрсетілді

Ресейдің Белгород облысында оқ-дәрі қоймасы өртенді. Зардап шеккендер жайлы дерек жоқ. Бұл туралы облыс әкімі Вячеслав Гладков өзінің Telegram-арнасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Белгород облысы, Валуйский ауданы, Тимоновское селолық округінде орналасқан оқ-дәрі қоймасы өртенді. Соңғы мәліметтер бойынша, зардап шеккендер жоқ. Аудан басшысы Тимоново және Солоти ауылдарының тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп жатыр», деп жазды Гладков. 

Оның айтуынша, оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр, өрттің шығу себебі анықталуда.