Аймақтар 20 Қазан, 2021

Өскеменде жеңіл көлік пен трамвай соқтығысты

385 рет
көрсетілді

Өскемен қаласында трамвайға соғылған көлік 10 метрге кері серпілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жол-көлік оқиғасы 19 қазанда кешкі сағат 18.00 шамасында болған. Жол апаты салдарынан қоғамдық көлік қозғалысы 1 сағатқа жуық шектелді.

«Юбилейный кинотеатры» аялдамасының маңында көлік тізгіндеп келе жатқан әйел адам шеткі жолдан негізгіге шыға бергенде трамвайға жол бермеген. Сөйтіп, ол №3 трамвайға соқтығысты. Соққы салдарынан жеңіл көлік 10 метрге кері серпілген», делінген Өскемен көлік компаниясы таратқан мәліметте.

Оқыс оқиғадан зардап шеккен ешкім жоқ. Жүргізушіге қатысты полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырған.

Соңғы жаңалықтар