• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Қыркүйек, 2021

Катарда Қазақстанның АӨСШК төрағалығының басымдықтары таныстырылды

321 рет
көрсетілді

Катардағы Қазақстан елшілігі Дохада аккредиттелген Азия мемлекеттерінің дипломатиялық миссияларының басшылары, Катар СІМ және БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстанның АӨСШК-ке төрағалық етуіне арналған брифинг өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның Катардағы Елшісі Арман Исағалиев өз сөзінде 30 жыл бұрын айтылған ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру жөніндегі бастамасы кеңінен халықаралық мойындауға ие болғанын және жиынтығында әлемдік ЖІӨ-нің 50%-дан астамын құрайтын және жаһандық экономикалық өсудің үштен екісін қамтамасыз ететін 27 мүше мемлекетті біріктіретін Азия қауіпсіздік және ынтымақтастық жүйесінің маңызды тұғырнамасына іске асырылғанын атап өтті.

Дипломат Қазақстанның 2020-2022 жылдардағы АӨСШК-ке төрағалық етуінің басымдықтары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«АӨСШК-ті толыққанды ұйымға айналдыру табысты жұмыс істеп тұрған диалог алаңына халықаралық субъективтілік пен жаһандық рөл береді, осылайша Азия мемлекеттерінің жалпы әлемдік процестерге ықпал ету тетіктерін нығайтады», деді Арман Исағалиев.

Іс-шараға қатысушылар 2021 жылғы 11-12 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін АӨСШК-ге қатысушы шет елдер министрлерінің алдағы 6-шы кездесуінің негізгі аспектілері туралы хабардар болды.

Іс-шара қорытындысы бойынша өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер тұғырында пікіралмасты.

Сонымен қатар, аталған іс-шара аясында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Әлемдік қоғамдастық мойындаған Қазақстан» атты фотокөрме ұйымдастырылды.