• RUB:
    6.45
  • USD:
    512.66
  • EUR:
    580.59
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Қыркүйек, 2021

Мұхтар Тілеуберді Израиль Сыртқы істер министрімен сөйлесті

255 рет
көрсетілді

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Яир Лапидпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Атап айтқанда, олар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту жөнінде пікір алмасты. Министрлер алдағы жылы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған іс-шараларды бірлесіп үйлестіруге келісті.

Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.