• RUB:
    6.39
  • USD:
    510.84
  • EUR:
    579.7
Басты сайтқа өту
Коронавирус 01 Қыркүйек, 2021

КВИ жұқтырған 493 науқастың жағдайы ауыр - ДСМ

295 рет
көрсетілді

2021 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 110 420 адам коронавирус инфекциясынан (–103 553+ және 6 867 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Олардың ішінде 23 744 пациент стационарда, 86 676 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

1 704 адамның жағдайы ауыр, 493 пациенттің жағдайы өте ауыр,

241 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.