• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 06 Тамыз, 2021

Токио-2020: Валентина Исламова Олимпиаданың алғашқы айналымынан аса алмады

Қазақстандық балуан Валентина Исламова Токио Олимпиадасының әйелдер күресі жарысында ширек финалға шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Исламова 1/8 финалда эквадорлық Люсиа Епес Гузманмен кездесіп, 6:9 есебімен жеңіліп қалды. 

29 жастағы Валентина Исламова Ресейдің Новосібір облысында туған. Кейін Қазақстан азаматтығын алды. 2019 жылы әлем чемпионатында қола медаль иеленген.  
Соңғы жаңалықтар