Бибісара Асаубаева Norway Chess Women-2026 беделді турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан ойыншысы бірінші айналымда қара фигуралармен ойнап, үнді гроссмейстері Хампи Конеруды жеңді. Ойын 1:0 есебімен Асаубаеваның пайдасына аяқталды.
Бибісараның тағы бір белесі
Келесі кездесуде Бибісараның қарсыласы Қытай өкілі Чжу Цзиньэр болады.
Norway Chess Women-2026 турнирі 25 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді. Әйелдер арасындағы жарыстың жалпы жүлде қоры 1 690 000 норвег кронын құрайды, бұл шамамен 157 мың доллар немесе 70 миллион теңгеге жуық.
Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Айта кетейік, Бибісара Асаубаева «Үміткерлер турнирінде» үздік үштікке енді.