Атырау облысының Құрманғазы ауданында биыл 625 мектеп бітіруші мектеппен қоштасқан. Ал оның 85-і егіз түлектер болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, түлектер арасындағы егіздердің мұншалық көп болуы биылғы оқу жылының басты ерекшеліктерінің біріне айналған. Мектеп өкілдері мұндай жағдай бұрын-соңды болмағанын айтады.
Елордада жаңа оқу жылында қанша мектеп салынады?
Ең көп егіздер Еңбекші, С.Мұқанов, Д.Нұрпейісова және Ғ.Мүсірепов атындағы мектептерде білім алған. Олардың арасында тоғызыншы сынып түлектері де бар.
Айта кетейік, биыл елімізде 215 мыңнан астам оқушы мектеппен қоштасты.