Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек университеттерде оқу жылының аяқталғаны және Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілгені туралы баяндады. Ол жалпы жоғары білім беру жүйесі оқу жылын тұрақты режимде аяқтағанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Министрдің айтуынша, ҰБТ-ға қатысуға 239 мыңнан астам адам тіркелген, оның ішінде өткен жылдар мен колледждердің түлектері бар. Ал 200 мыңға жуығы биылғы жылдың түлектері.
Бүгінгі таңда ҰБТ өткізу үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдар үйлестірілген. Барлық өңірлерде жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау құрылымдарының, жоғары оқу орындары мен білім басқармаларының қатысуымен мемлекеттік комиссиялар құрылды.
Депутат ҰБТ-дан жоғары балл алғандарға берілетін сыйлықтарға қатысты пікір білдірді
Ұлттық бірыңғай тестілеу 10 мамырдан 10 шілдеге дейін өтеді.
Биыл ҰБТ форматы өзгеріссіз сақталды. Талапкерлер екі рет тестілеуден өтіп, үздік нәтижемен гранттар конкурсына қатыса алады. Тестілеу аяқталғаннан кейін қатысушылар дұрыс және бұрыс жауаптар туралы ақпаратты ғана емес, сонымен қатар нәтижелердің толық талдауын ала алады.
Көлік, пәтер немесе 50 млн теңге: Тараздық талапкер ҰБТ-дан 140 балл жинады
Айта кетейік, биылғы ҰБТ-да осы уақытқа дейін ережені бұзған 75 түлектің нәтижелері жойылды.