• RUB:
    5.14
  • USD:
    451.38
  • EUR:
    487.22
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Шілде, 2021

Жерлесіміз Ұлттық хоккей лигасында ойнайды

160 рет
көрсетілді

Қазақстанның жастар құрамасының шабуылшысы Андрей Буяльский Ұлттық хоккей лигасында (ҰХЛ) өнер көрсетіп жүрген «Колорадо Эвеланш» клубына қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл қуанышты хабарды Vesti.kz сайты хабарлап отыр.

Қарағанды қаласында туып-өскен Максимнің жасы 20-да. Әр жылдары ол «Теміртау», «Сарыарқа» және «Алматы» клубтарында ойнады. Былтырғы жылдың соңында Америкаға аттанып, USHL-дегі «Дубьюк Файтинг Сэйнтстің» намысын қорғады. Осы жарыста 36 рет мұз айдынына шыққан Буяльский 15 голдың авторы атанып, 17 мәрте оңтайлы пас берді. Осындай айшықты ойынының арқасында жерлесімізге «Колорадо Эвеланш» бапкерлерінің көзі түсті.

Енді келесі маусымды Максим NCAA-дағы Вермонт Универистеті сапында өткізеді. Осы турнирде де өзін жақсы қырынан көрсетсе, алдағы уақытта ҰХЛ-да өнер көрсетуі де ғажап емес.