• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Мамыр, 2021

Қызылордада жол апатынан 4 адам зардап шекті

431 рет
көрсетілді

Оқиға 2 мамыр күні Қызылорда қаласына қарасты Талсуат елді мекені тұсында болды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Жол-көлік оқиғасынан төрт жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Оның ішінде 1 азаматша және 3 жасөспірім бар. Көз жұмғандар жоқ. Жол-көлік оқиғасының себеп-салдарын анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Онда көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы жағдайы көрсетілген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің өкілі.