Бұл мезгілде адамдар табиғаттың тылсым құпиясын, ерекше ұмытылмас сәттерін тамашалайды. «Қыстың көзі қырауда» деген тәмсіл осы бір мезгілді айна-қатесіз баяндап тұрғандай, я болмаса Абайдың «ақ киімді, денелі, ақ сақалды…» деп келетін өлең жолдары да қыстың басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігін айқындайды. Қытымыр аяз қаһарына мінсе де, елорда жұртшылығының көңіліне еш қаяу түсер емес.