Өткен тәулікте Сирияға Ливаннан 30-дан астам босқын қайта оралған еді. Бұл туралы РИА НОВОСТИ-ге сілтеме жасай отырып Egemen.kz жазады.
"Өткен тәулікте Сирия Араб Республикасына Ливанның "Джейд Ябус" және "Тел-Кахла" өткізу бекеттері арқылы 35 босқын, оның ішінде 10 әйел және 18 балдырған) қайта оралды. Ал Иорданияның "Насиб" өткізу бекетінде босқындарды шығару жүзеге асырылған жоқ», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, төрт босқын бір тәуліктің ішінде тұрақты мекенжайына орналасып үлгерген. Бұдан бөлек, өткен тәулікте Ресей тарапынан Абу Сусада (Ракка провинциясына) мұқтаж жандарға арнайы гуманитарлық акция өткізілді. Акция барысында сириялықтарға жалпы салмағы 2,1 тоннадай 400 азық-түлік пакеті берілді.