• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Мамыр, 2020

Еңбек министрлігінің қоғамдық қабылдау бөлімі қашықтан жұмыс істей береді

228 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласындағы карантиннің ұзартылуына байланысты, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қоғамдық қабылдауы, азаматтардың өмірі мен денсаулығын коронавирустан қорғау мақсатында, 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін жұмысын қашықтан жалғастырады.

Барлық өтініштер электронды түрде Министрліктің ресми интернет-ресурсы мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары, «e-gov» электронды үкімет порталы және ҚР Президентінің виртуалды қабылдауы арқылы қабылданады.

Сондай-ақ 8 7172 74 37 23 нөміріне хабарласуға болады.