Вьетнамның «Вьетнам үні» радиосының эфирінен қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арнаған «Idols Talk: Deep» бағдарламасы эфирге шығады, деп хабарлайды «Egemen.kz». Сондай-ақ, эфирде әншінің Вьетнамдағы фан-клубының жұмысы туралы да мәліметтер айтылады, деп жазады Egemen.kz.
Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған бағдарлама радио эфирден 2025 жылдың 2 шілдесі күні тыңдармандарға жол тартпақ. Онда Димаштың 2017 жылы Қытайдың Singer шоуында «SOS d’un terrien en détresse» әнімен дебют жасаған сәтінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі түрлі музыкалық жанрларды қамтитын еңбек жолы әңгімеге арқау болады. Эфирде әншінің орындауындағы «SOS d’un terrien en détresse» және «Love of Tired Swans» атты екі композиция қойылады.
Сонымен қатар, шығарылымның бір бөлігі Вьетнамда 2017 жылы құрылған Димаштың фан-клубының атқарған жұмыстары туралы болмақ.
Сондай-ақ, Вьетнам елі Димаш Құдайбергенді 6 шілде күні өтетін «Жұлдыздар түні» іс-шарасына шақырғаны хабарланды.