• RUB:
    6.37
  • USD:
    510.59
  • EUR:
    578.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Ақпан, 2020

Елордада Qazforum 2020 басталды

261 рет
көрсетілді

Елордада жыл сайын өтетін қазақтілді онлайн контент жасаушылар форумы - медиа сарапшылар, журналистер, бас редакторлар, блогерлер мен влогерлердің басын қосатын алаң. Форум биыл төртінші рет ұйымдастырылып отыр.

Жыл сайын форумда қазақтілді медиа саласындағы үздік сарапшылар, журналистер, блогерлер мен влогерлер, веб-сайттардың бас редакторлары кәсіби тәжірибесімен бөліседі.

Қатысушылар қазақтілді онлайн контенттен ақша табу, Қазақстан медиа нарығын дамыту мәселелерін талқылайды.

Сондай-ақ жетекші медиа сарапшыларының қатысуымен шеберлік сабақтары мен тренингтер өтеді.

Форумды еліміздегі АҚШ елшілігі мен Қазақстан Баспасөз клубы ұйымдастырады.

Шара қонақтары National Geographic Qazaqstan ұсынған фотосуреттер көрмесін тамашалауға мүмкіндік алды.