Жамбыл Тасеменов грек-рим күресінен өз салмақ категориясы бойынша Қазақстанда бірінші болып «КСРО спорт шебері» нормативін орындаған балуан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ол КСРО чемпионатының жүлдегері, Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, халықаралық және одақтық бірнеше турнирлердің жеңімпазы. Петропавл қаласында спорт мектебін ұйымдастырған шебер жаттықтырушы. Оның шәкірттері әлемнің, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпиондары болған.
Өткен аптада 80 жасқа толған мерейтойына орай Петропавл қаласында грек-рим күресінен республикалық турнир басталды. Оған еліміздің көптеген қалаларынан балуандар қатысуда. Турнирді ашқан сөзінде облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев Жамбыл Тасеменовтың Қазақстанның Құрметті спорт қайраткері, Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы екенін айта келіп, оның үлгісі жас ұрпақты тәрбиелеуде орасан зор екенін атап өтті.
ҚЫЗЫЛЖАР