• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Президент 09 Қаңтар, 2020

Қ.Тоқаев Ирандағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

184 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тегеран қаласы әуежайының маңында «Украина халықаралық әуе жолы» компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан азаматтары қаза болған бірқатар мемлекет басшыларына көңіл айту жеделхаттарын жолдады, – деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Биылғы 8 қаңтарда «Украина халықаралық әуе жолы» компаниясының әуе кемесі Тегеран қаласы әуежайының маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында шамамен 180 жолаушы болған.