• RUB:
    6.39
  • USD:
    510.84
  • EUR:
    579.7
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Қараша, 2019

Елбасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректорын қабылдады

216 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтановты қабылдады. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады. 

Кездесу барысында Елбасы жоғары оқу орнын одан әрі дамытудың және халықаралық беделін нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

– Университеттің беделін көтеру маңызды. Алдымызда жоғары оқу орнын зерттеу орталығына айналдыру мақсаты тұр. Білім сапасы мен профессорлық- оқытушылық құрамды дайындау деңгейін арттыруға назар аудару керек. Білім алушылардың жағдайын жақсарту үшін студенттік жатақханалар салу жөнінде тапсырмалар берілді, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сондай-ақ, әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған шаралардың дайындығы жөнінде мәлімет берілді.