• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ең қысқа әңгіме 11 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Гүлмекен Қасенбай

1714 рет
көрсетілді

Күйеуі күніге әйелінен: «Көлікті асықпай айда, сенсіз өмір - мәнсіз!»- деген хабарлама алатын...

***

Аурухана терезесіне қарап жатқан әйел, кенет әйнектің ар жағынан: «Тез сауығып, үйге келші...! Ашпыз!»- деген жазуды оқып, жазылып кетті....

***

«Балам, қарсылдатып жейтін тәтті алмадан ала келші!» - деді қария, тісі жоқ екенін ұмытып...

***

Өртенген үйдің астынан, шала жанған қуыршақ қана шықты...!

***

Тойымсыз ара, ақыры ыстық тосапқа күйіп өлді...!

 

Гүлмекен ҚАСЕНБАЙ