• RUB:
    6.37
  • USD:
    507.07
  • EUR:
    572.53
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Шілде, 2019

Астана LRT-ның бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланды

281 рет
көрсетілді

«Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында компанияның қазіргі басшысы Бекмырза Игенбердинов мәлім етті деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті тарапынан қылмыстық іс қозғалды. Оны қамауға алу туралы өтінішхат жолданды», - деді Б. Игенбердинов.

Оның сөзіне қарағанда, Т. Арданға қатысты соттың сырттай шешімі шығарылған.

«Оған халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі кезде Интерпол осы мәселемен айналысып жатыр», - деп нақтылады ол.