• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2010

ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

544 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Виктор Януковичпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Украина басшысы Қазақстан Рес­публикасы Президентінің Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыруын қабыл алды және өз кезегінде Қазақстан басшысын Украинаға келуге шақырды. Әңгімелесу барысында тараптар қазақстан­дық-украиналық сауда-экономикалық қарым-қатынастардың кешенін қарастыратын және ғарыштық саланы қоса алғанда ынтымақтас­тықтың жаңа бағыттарын айқындайтын үкімет­аралық комиссияның отырысын өткізу туралы келісімге қол жеткізді. Мемлекет басшылары жаңа кезеңдегі саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға өзара қызығушылықтарын білдірді.