8 ақпан сағат 15:00-де ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Батыс Қазақстан облысы
– «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 393-526 шақырым аралығы (Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін).
Ақтөбе облысы
– «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 526-702 шақырым аралығы (Батыс Қазақстан облысының шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейін).
Жолды 9 ақпан сағат 00:00-де ашу жоспарланған.
Бүгін ел аумағының басым бөлігін тұман басады