• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 17:55

Алдағы күндері күн жылынады

20 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» алдағы үш тәулікке, яғни 19-21 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, елімізде жауын-шашын тоқтап, күн райы айтарлықтай жылынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада алдағы күндері күн ашық болып, ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.

19 сәуірде күн райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 7-12 м/с-қа дейін жетеді. Түнде сынап бағанасы 0,-2°С-қа дейін төмендесе, күндіз +13+15°С жылы болады. 20 сәуірде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде 0,+2°С, күндіз +17+19°С. 21 сәуірде күн райы жылына түседі. Түнде +4+6°С, күндіз +20+22°С.

Алматыда жексенбі күні жаңбыр жауғанымен, апта басында күн жылынады.

19 сәуірде күн райы құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні күндіз 13 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +2+4°С, күндіз +13+15°С. 20 сәуірде ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +18+20°С жылы. 21 сәуірде күн айтарлықтай жылынады. Түнде +10+12°С, күндіз +23+25°С болады деп болжанған.

Үсік жүріп, дауыл тұрады: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Шымкентте құрғақ әрі жылы ауа райы сақталады.

19 сәуірде күн райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +6+8°С, күндіз +17+19°С жылы. 20 сәуір ауа райы ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +8+10°С, күндіз +23+25°С жылы. 21 сәуірде ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +25+27°С жылы болады.
Соңғы жаңалықтар