Қазақстанда маусым айы құбылмалы ауа райымен басталады. Синоптиктердің болжамынша, жаздың алғашқы айында ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болады, деп хабарлайды Egemen.kz
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кейбір өңірлерде қатты нөсер, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Оңтүстік пен оңтүстік-батыс аймақтарда шаңды дауыл болуы мүмкін.
Сонымен қатар аптап ыстық біртіндеп күшейеді. Ай барысында кейбір өңірлерде ауа температурасы +46 градусқа дейін жетуі ықтимал.