• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
«Таза Қазақстан» Бүгін, 16:18

Тоқаев: «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру – конституциялық міндет

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдіктерге «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын орындау конституциялық міндет екенін еске салды. Мемлекет басшысы Alatau City жобасын дамыту барысында қаланы абаттандыруға, қоғамдық кеңістіктерді көбейтуге және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тұтастай алғанда, қаланы тиімді негізде салып, жан-жақты дамыту керек. Барлық нысандар құрылыс саласындағы озық халықаралық талаптар мен ережелерге толық сай болуға тиіс. Жалпы, Alatau city тұжырымдамасының мақсаты – бизнеске қолайлы жағдай жасау, инвестициялық жобаларды іске қосу, жұртты жұмыспен қамту және заманауи инфрақұрылым салу. Қала төрт ауданға бөлінеді. Бой көтеретін ғимараттардың барлығы халықаралық іскерлік және инновациялық орталықтарға қойылатын талапқа сәйкес болуы керек», деді Президент.

«Баяғы жартас – сол жартас»: Президент Қонаев қаласының инфрақұрылым құрылысын сынға алды

Сондай-ақ ол қаланы абаттандыруға және жайлы қоғамдық орындар салуға ерекше назар аудару қажет екенін айтты.

«Осыған байланысты Үкіметке, әкімдерге тағы да айтарым: «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының орындалуы, бұл – конституциялық міндет. «Таза» деген сөздің мағынасы көпқырлы. Бұл – қалаларымызды тазалау, көгалдандыру, көркейту, абаттандыру деген сөз. Сонымен қатар бұл – ниетіміздің тазалығын сақтау, отаншылдығымызды паш ету деген сөз. «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық қозғалысы Әділетті Қазақстанның болмысына, тіпті, оның тұтас идеологиясына айналуы керек», деді Президент.

Мемлекет басшысы: Alatau city жобасына зор үміт артып отырмыз

 

Соңғы жаңалықтар