• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс Бүгін, 11:54

Бокстан Қазақстан құрамасы Испаниядағы турнирде 6 алтын медаль жеңіп алды

20 рет
көрсетілді

Бокстан Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 турнирі өз мәресіне жетті. Қазақстан аталған халықаралық турнирде 6 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) және әйелдер арасында Умида Садықова (80 келіден жоғары) жарыста алтыннан алқа тақты.

Аман Қонысбеков (75 келіге дейін), Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін), Нұрасыл Асылхан (90 келіден жоғары) және әйелдер арасында Панар Сейітханқызы (80 келіден жоғары), Назерке Серік (65 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Grand Slam: Дзюдошы Аман Бақытжан Париждегі турнирде қола жүлдегер атанды

Айта кетейік, бұған дейін Тимур Нұрсейітов (75 келіге дейін), Азамат Бектас (80 келіге дейін), Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін), Нұрзат Оңғаров (50 келіге дейін), Гүзал Садықова (80 келіге дейін) және Элянұр Тұрғанова (48 келіге дейін) жарыста қола жүлде алған еді.

Олимпиада: Қазақстан спортшыларының 8 ақпандағы жарыс кестесі қандай?

Соңғы жаңалықтар