• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:15

Көзді емдейтін құрылғы

10 рет
көрсетілді

Илон Маскке тиесілі «Neuralink» компаниясы биыл «Blindsight» атты жаңа ми имплантын клиникалық сынақтан өткізетінін мәлімдеді.

Құрылғы көзі мүлде көрмейтін, тіпті туғаннан зағип адамдарға көру мүмкіндігін беруді мақсат етеді. Бұл технологияның жұмыс тәсілі бөлек: ол көзді немесе көру жүйкесін пайдаланбайды. Оның орнына сигналды мидың көруге жауапты бөлігіне тікелей береді. Яғни миға арнайы импульс жіберіп, бейнені жасанды түрде «көрсетуге» тырысады. Алдағы сынақтарда құрылғының қауіпсіздігі мен нақты пайдасы тексеріледі. Егер нәтиже жақсы болса, бұл әдіс көз ауруларын емдеуде жаңа бағыт ашуы мүмкін.